Жаңалықтар

9 мамыр Ұлы жеңіс күніне орай «Жеңіске жеткен халықтың батылдығын жырла» атты музыкалық- әдеби композиялық кеші өтті.

Шараның мақсаты: Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек еткен аналардың тұлғасын, асыл бейнесін ашу, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге ету. Шара барысы соғыста ерлікпен қаза тапқан жауыңгерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алып, отан қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны жайлы «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты бейнесюжетімен басталды. Кіріспе сөзді кітапханашылар бастап әскери ардагерлер сөз сөйледі.Сонымен қатар, ҚР Мәдениет саласының үздігі Б.Әбенова, «Әлия» әнін шырқаса, “АруДэнс” би тобы «Сарбаздар» биін биледі. Мектеп оқушылары Жеңіс күніне арналған арнау өлеңдерін оқып беріп, Селахаттин Мина «Катюша» әнін орындап оқырмандарымызға тамаша көңіл күй сыйлады. Шараға әскери ардагерлер, Мамандандырылған күзет қызмет басқармасының қызметкерлері, 5...
Толығырақ... Оқылды: 55 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 09.05.2023

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Кitap –шоу 2023» фестивалі өтті.

Фестивальдің мақсаты – «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру, кітап оқуға деген қызығушылығын қолдау, балалар мен жасөспірімдердің оқу сауаттылығын көтеру және кітап оқу мәдениетін дамыту және түркі халықтарының тарихи және әдеби мұрасын насихаттау. Фестиваль 5 бөлімнен тұрды. Кітап-Дефилесінде кітапханашылар облыс әкімінің қолдауымен шыққан ақын-жазушылардың кітабымен таныстырса, «Қолтаңба-time » кітап авторларымен кездесу өтті. Сондай-ақ, «Сан сұраққа саяхат» атты сырласу кеші мен «Jas DARYNDAR» зияткерлік ойыны жас оқырмандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кітапхананың жазғы алаңында «Жетісуым – жұмақ мекенім» атты өлке әдебиеттерінен кітап көрмесі таныстырылып, кітап-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жас оқырмандарға арналған балаларға сурет салу, жұмбақтар, мозайка құрастыру және тағы басқа ойындар өтті. Фестивалдің алғашқы сөзін алған Жетісу облысының мәде...
Толығырақ... Оқылды: 60 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 23.04.2023

«Жетісу көктемі» атты прозашылардың республикалық байқауының марапаттау рәсімі өтті.

Бүгін кітапханамызда Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен және Janr Жетісу әдеби клубының ұйымдастыруымен «Жетісу көктемі» атты прозашылардың республикалық байқауының марапаттау рәсімі өтті. Байқау әр жылда әр түрлі мерейтойлар мен айтулы оқиғаларға арналып, прозаның әр саласы бойынша өткізіліп келеді. Биылғы байқау Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына, Сәкен Иманасовтың 85 жылдығына, Шәкен Күмісбайұлының 80 жылдығына, Қайрат Әлімбековтың 60 жылдығына арналып, повесть жанры бойынша өтті. Шара барысында Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Мәлікқызы Қалқабаева, Жетісу телеарнасының директоры, жазушы Серік Әбікенұлы және «Janr» Жетісу әдеби клубының президенті Есболат Айдабосын жеңімпаздарды марапаттап құттықтады. Байқау жеңімпазы ретінде 1-орынды Шаймерденова Самал Зікірияқызы, 2-орынды Жадыра Шамұратова, 3-орынды Қанат Әбілқайыр және Нұрбек Нұржан Нұржанұлы иеленді. Сондай-ақ, Ке...
Толығырақ... Оқылды: 55 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 16.03.2023
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика